Республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде 15 мамырда республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Нөсер жауын 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік аймақтарда, 14-15 мамырда оңтүстік-батыста болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады.
Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады, тек 14-15 мамырда елдің солтүстік жартысында, түнгі уақытта 1-3 градус үсік жүреді.