"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16-18 тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ел аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың көп бөлігінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды.