Алдағы уақытта +30 градус ыстық болады

25 Сәуір 2022, 12:01
1649
Бөлісу:
Алдағы уақытта +30 градус ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы күндері антициклон келеді, бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа массаларының белсенді жылынуына ықпал етеді.

Күндіз еліміздің солтүстігінде 13-18-ден 20-25-ке дейін жылы, орталықта 8-18-ден 15-23-ке дейін жылы, оңтүстікте 18-28-ден 23-30-ға дейін жылы, батыста 20-28 жылу, шығыста 10-18 жылу, ал оңтүстік-шығыста 17-25 жылы болады. 

Республиканың батысы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл мен жел күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы