Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Атлантика аудандарының суық антициклоны, шығыс бағытта жылжуын жалғастырады.
Осының әсерінен елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында салқындау болады. Солтүстік пен шығыста 10-20 градус жылы болса, ал оңтүстік-шығыста 20-28 градус ыстық болады.
Түнгі уақытта Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында 2 градусқа дейін үсік жүреді деп күтілуде.
2 қыркүйекте Батыс аймақтарға Баренц теңізі аудандарынын циклоны әсер ете бастайды, әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнап және жел күшейеді.