Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Бүгін астрономиялық жаз басталып, оған ауа райы да тиісінше болып тұр. Батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық, күндіз термометрдің сынап бағанасы 32…39°С, кей жерлерде 40…43°С дейін жоғарылайды.
Атмосфералық фронттар республиканың шығыс жартысы арқылы жылжығанымен, олардың әсері әлсірей бастайды. Сондықтан найзағаймен өткінші жаңбыр тек кей жерлерде болжанады. Температура орташа көпжылдық мәннен төмен болжанғанымен, дүйсенбіде күндіз 23...28, кей жерлерде 30...35°С дейін жоғарылауы күтіледі.