Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алдағы күндері қар жауып, боран соғады

5 Қаңтар 2026, 15:36
2508
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Синоптиктердің болжауынша Солтүстік-батыстан ығысып келе жатқан циклондар ауа райын күрт өзгертеді, ал оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

6, 7, 8 қаңтар аралығында еліміздің бірқатар аймақтарында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болуы ықтимал.

Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, бұрқасын соғады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.

Қазақстанның батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болжанып, көктайғақ байқалуы мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қар жауып, боран соғады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп күтілуде, - деп жазылған Қазгидромет хабарламасында.

Ауа температурасының болжамы:

Елдің батысында түнде ауа температурасы –5…–16 градустан –0…–8 градусқа дейін, күндіз –10…+3 градустан –3…+8 градусқа дейін өзгереді.

Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде ауа температурасы –3…–16 градустан –10…–25 градусқа дейін төмендейді, күндіз –1…–11 градустан –5…–15 градусқа дейін суытады.

Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде –1…–16 градус, күндіз 0…+10 градус болады, таулы аймақтарда түнде –0…–10 градус сақталады.

Өзгелердің жаңалығы