Қазақстанның басым бөлігіндегі жауын-шашынсыз ашық ауа райын Солтүстік антициклонының жотасы анықтайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түнгі уақытта оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-7 градус үсік жүреді. Еліміздің батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронтальдың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Батыста жаңбыр жауады, 4-5 мамырда кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауады, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашынды болып (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде - шаңды дауыл тұрады.