Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, яғни 18-20 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Кезеңнің басында, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік, шығыс жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай, 19 наурызда Алматы облысының, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің батысында болады. Антициклонның енуімен кезеңнің екінші жартысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі болжанады.
Температуралық фонға келетін болсақ, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек кезеңнің екінші жартысында елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 0-8 аязға дейін төмендеуі күтіледі.