Алдағы күндері Газа секторындағы соғыс тоқтауы мүмкін

Бүгiн, 10:01
127
Бөлісу:
Алдағы күндері Газа секторындағы соғыс тоқтауы мүмкін

Мысырда Газа секторындағы атысты тоқтату және тұтқын алмасу туралы келісімге қол қойылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Аталған басылымның ақпары бойынша тараптардың бітімгершілік туралы келіссөздері аяқталуға жақын. Себебі кейінгі апталарда АҚШ, Қатар және Мысыр елдерінің арағайындығымен бітімге келу ісінде айтарлықтай ілгерілеу бар. 

Осыған байланысты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Каирге аттанған. Қолда бар мәліметке сәйкес, келісім 3 кезеңнен тұрады. Ол бойынша алғашқы 45 күнде Газадағы тұтқындар босатылуға тиіс. Ал Израиль күштері Мысырмен шекаралас аймақтан, қала орталықтарынан кетуі керек. 

Екінші кезеңде қалған тұтқындар босатылып, әскерилер шығарылады. Ал соңғы кезеңде тараптар соғысты тоқтатуға тиіс.

Өзгелердің жаңалығы