Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың бүкіл аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста, сондай-ақ оңтүстік өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Батыста, солтүстік-батыста түнде және таңертең 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Батыста күндізгі температура 8-18-ден 15-28 градусқа дейін көтеріледі, ал қалған аумақтарда температура төмендейді, күндіз солтүстікте, орталықта 25-30-дан 15-20-ға дейін, елдің оңтүстігінде және шығысында 28-33-тен 17-25 градусқа дейін жылы болады.