Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

1 Қараша 2023, 17:47
915
Бөлісу:
Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2-4 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барикалық алқаптардың тез өзгеруі республиканың солтүстік жартысында ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды.

Жауын - шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ, жел күшейеді.

Температура көрсеткіштері түнде 3-10 жылыдан 5 аяз -3 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыдан 0-8 жылыға дейін төмендейді.

Республиканың оңтүстік жартысында кең ауқымды антициклонның әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы 3 аяз-5 жылы, күндіз 10-17 жылыдан 15-20 жылыға дейін аздап жоғарылайды.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы