Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы Қара теңіз аудандарынан келетін ауқымды антициклонның ықпалында болады.
Соның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда.
Тек қиыр солтүстікте және 17 ақпанда республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда, фронтальді бөлімдердің әсерінен қар жауады.
Термометр бағандары: солтүстікте түнде 10-23 градус аяз, орталықта және шығыста 17-27, жекелеген өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус аяз болады деп болжануда.