Алдағы демалыс күндері елордада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді

Жыл сайынғы «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі биыл 19 ақпан күні Астанада 10 спорт түрі бойынша өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

17 Ақпан 2023 2023, 11:32
АВТОР
 елорда әкімдігі 17 Ақпан 2023 2023, 11:32
17 Ақпан 2023 2023, 11:32
1340
Фото: елорда әкімдігі

Жыл сайынғы «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі биыл 19 ақпан күні Астанада 10 спорт түрі бойынша өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Фестиваль қатысушылары спорттың 10 түрінен: шаңғы жарысы, гір спорты, армрестлинг, күрес, пималы хоккей, арқан тарту, қарлы лақтыру, мотоспорт, қысқы футбол жарыстарынан күштерін сынап көре алады.

Денсаулығы жарамды кез келген адамның қатысуына рұқсат етіледі. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет. 

Шаңғы жарысына тіркеу және бастапқы нөмірлер әр жас тобы бойынша жарыс кестесіне сәйкес басталардан 30 минут бұрын беріледі.

Әр жас тобының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Наверх