Бұл туралы БҰҰ мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының мәліметінше, парниктік газдардың жиналуы және Эль-Ниньо әсеріне байланысты алдағы бес жылда жаһандық температура рекордтық деңгейге жетеді.
Мамандардың есептеулеріне сәйкес, 2023-2027 жылдар аралығындағы орташа жылдық жаһандық Жер бетіндегі температура Цельсий бойынша 1,5 градустан асатын 66% ықтималдығы бар.
Мамандар алдағы бес жылдық кезең бақылау тарихындағы ең ыстық кезең болады деп болжайды.
Орташа жаһандық температура одан әрі өсе береді және адамзатты үйреніп қалған климаттан алшақтатады, дейді мамандар.