Туризм және спорт министрлігі 28 сәуір мен 4 мамыр аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28-30 сәуір:Велоспорттан Tour of Bostonlig Ladies халықаралық жарысы;
Қазақстан намысын 5 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Газалкент қаласы, Өзбекстан.
29 сәуір – 1мамыр:Ересектер арасындағы қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі;
Жарысқа еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы.
29 сәуір – 6 мамыр: Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты;
Қазақстан құрамасы сапынан 5 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
30 сәуір – 6 мамыр:Мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир;
Бәсекеге отандық 3 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Бангкок қаласы, Таиланд.
30 сәуір – 6мамыр:Жүзуден Acropolis Swim Open халықаралық турнирі;
Жарысқа ел құрамасынан 6 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Афина қаласы, Греция.
3-12 мамыр:Стенд атудан Әлем кубогі;
Турнирде 6 спортшымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Никосия қаласы, Кипр.
4-9 мамыр:Күрес түрлеріне жастар арасындағы халықаралық турнир;
Турнирге Қазақстан құрамасының палуандары да қатысады.
Өтетін орны: Анталия қаласы, Түркия.