Туризм және спорт министрлігі 27 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27 қаңтар – 3 ақпан – Фристайл могулдан халықаралық жарыс
Қазақстан құрамасы сапынан 7 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Финляндия, Юваскюля қ.
27 қаңтар – 3 ақпан – Тау шаңғысынан халықаралық турнир (FIS)
Жарыста 4 отандасымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Қырғызстан, Қашқұлак қ.
27 қаңтар – 2 ақпан – Пара шаңғыдан Әлем кубогі
Бұл сында ел намысын 7 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Италия, Валь-ди-Фьямме қ.
28 қаңтар – 6 ақпан – Семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, әйелдер)
Халықаралық жарыста 3 жерлесіміз бақ сынайды.
Өтетін орны: Испания, Ампоста қ.
30 қаңтар – 4 ақпан – Шаңғымен трамплиннен секіруден FIS кубогі
Қазақстан құрамасынан 3 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Польша, Щирк қ.
1 ақпан – 10 ақпан – Шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Әлем біріншілігіне ел құрамасынан 8 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Италия, Скильпарио қ.
1 – 3 ақпан – Қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионаты
Ел біріншілігінде 16 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді (12-13 жас аралығындағы ұлдар).
Өтетін орны: Алматы қ.