Алдағы үш күнде оңтүстікте аптап ыстық сақталады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігіндегі ауа райы өзгермейді. Бұл туралы Қазгидромет РМК-дан хабарлады.</h4>

17 Шілде 2019 2019, 11:49
АВТОР
 17 Шілде 2019 2019, 11:49
17 Шілде 2019 2019, 11:49
2188

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігіндегі ауа райы өзгермейді. Бұл туралы Қазгидромет РМК-дан хабарлады.

Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы (5 км биіктікте) республиканың оңтүстік облыстарына Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі, және ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша алдағы үш тәулікте ештеңе өзгермейді. Республиканың оңтүстік облыстарында 35-40, кей жерде 45°С қатты ыстық сақталады.

Ал Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауымен кей жерде өткенші жаңбыр мен найзағай және ыстықтың бәсендеуі күтіледі.

Наверх