Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер алдағы күндері кей өңірлерде қатты ыстық болады деп болжайды.
23-24 маусымда Атырау, Манғыстау, Актөбе облыстарының кей жерлерінде, 24 маусымда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық 40-43 градус күтіледі.
22 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз 22 маусымда найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с.
23 - 25 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.