Алдағы күндері -42 градус аяз болады

25 Қаңтар 2019, 16:34
6690
Бөлісу:
Алдағы күндері -42 градус аяз болады

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК еліміздің бірнеше өңірінде қатты аязға байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің болжауынша Шығыс-Қазақстан облысында ауа тептературасы -42 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

27-28 қаңтар аралығында Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, 27-29 қаңтар Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

27-28 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35 градус аязға болуы ықтимал.

28-29 қаңтар аралығында Шығыс-Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Сндай-ақ, 25 қаңтар мен 26 қаңтар аралығына Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Астана қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы