Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Албанияда виртуалды министр төрт жылдық жоспарын жариялады

21 Қыркүйек 2025, 08:51
583
Бөлісу:

Албанияда виртуалды министр саясаткерлерге төрт жылға арналған жоспарын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.

Диэлла – әйел бейнесіндегі жасанды зерде. Оның негізгі міндеті – тендердегі жемқорлықпен күресу және бюрократияны азайту. Цифрлық министр өз сөзінде адамдарды алмастырмай, тек көмек көрсететінін айтты.

Кейбір саяси топтар бастаманы қолдамады. Сыншылардың пікірінше, ЖИ-министр – үкіметтегі жемқорлықты жасыруға арналған қадам.

Партия жетекшілері виртуалды шенеунікті кім бақылайтынын нақтылауды талап етіп, мәселені Конституциялық сотқа жолдады.

Өзгелердің жаңалығы