Алаяқтыққа қарсы күресте жасанды интеллекті пайдаланылады

Кеше, 17:36
174
Бөлісу:
Алаяқтыққа қарсы күресте жасанды интеллекті пайдаланылады
Фото: Қызылорда облысының прокуратурасы

Қызылорда облысының прокуратурасы алаяқтыққа қарсы күресте жасанды интеллекті пайдаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық прокуратура алаяқтық қылмыстарының алдын алуға арналған «IT ТERGEU» жобасын әзірледі, бұл жоба жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін сот-тергеу тәжірибесінде тиімді қолдануға бағытталған.

Жоба үшін облыстық бюджеттен 85 млн теңге бөлініп, ақпараттық-талдау бағдарламалары сатып алынды.

Бағдарламалардың көмегімен 749 қылмыстық іс бойынша 1074 ұялы телефон нөмірлері тексерілді. Нәтижесінде 151 қылмыс дерегі ашылып, 62 қылмыскер ұсталды, сондай-ақ, 2 киберқылмыстық топ, 52 дроппер мен хабар-ошарсыз кеткен 91 тұлға табылды.

Қазіргі уақытта интернет алаяқтық бойынша 264 қылмыстық істің 78-і сотқа жолданып, көрсеткіш 29%-ға артты.

Банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты 52 істің күмәнді есепшот транзакцияларын тоқтату үшін антифрод орталығына сұраныс жолданды.

Өңірде профилактикалық жұмыстар аясында қаржы институттары өкілдерімен бірнеше ресми кездесу өткізілді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 200-бабына сәйкес 25 ұсынy енгізілді.

Қызылорда облысының прокуратурасы азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмау үшін сақ болуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы