Алаяқтық: ипотекаға "көмектесемін" деп танысын алдап кеткен

Бүгiн, 19:29
139
Бөлісу:
Алаяқтық: ипотекаға "көмектесемін" деп танысын алдап кеткен
Фото: pixabay.com

Елордада ер адам тұрғынды ипотекаға "көмектесемін" деп алдап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының Полиция департаменті мәлім еткендей, "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу шарасы барысында Есіл ауданы ПБ-ның қызметкерлері елорда тұрғынының сенімін пайдаланып, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 34 жастағы ер адамды анықтады.

Жәбірленушінің пәтерге ипотека алуға көмек сұрап танысына жүгінгені анықталды. Күдікті оны уәкілетті органдарда байланысы бар екеніне сендірді және "қызметтері" үшін қолма-қол 200 мың теңге сұраған. Ақшаны алған алаяқ жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы уәделерімен тойдырып, кейін онымен байланысын мүлдем тоқтатқан, - делінген ақпаратта.

Күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Елордалық полиция азаматтарды қырағы болуға және қаржылық ресурстарын бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы