Алаяқтарға алданғандар 140 млрд теңгесінен айырылған

26 Маусым 2024, 21:13
364
Бөлісу:
Алаяқтарға алданғандар 140 млрд теңгесінен айырылған

Алаяқтар айылын жияр емес. Былтыр қаскөйлердің құрбаны болған қазақстандықтар саны 44 мыңға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Олар 140 млрд теңгесін айлакерлердің қалтасына салып берген. Тұрғындарды алдап соғуға жасанды интелект, заманауи IT-технология және психологиялық манипуляциялар жиі қолданылған. 

Оның үстіне қылмыскерлердің көбі шетелде отыратын көрінеді. Осыған байланысты, оларды ұстау қиынға соғып тұр. Алайда алаяқтарға қарсы күрес қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы құзырлы орган өзге елден түскен 44 млн күдікті қоңырауды бұғаттаған. Оған қоса 60-қа жуық қылмыстық кибер-топ мүшелері ұсталыпты.

Өзгелердің жаңалығы