Алаяқтарға алданған алматылықтарға 90 млн теңге қайтарылды

24 Тамыз 2023, 14:15
817
Бөлісу:
Алаяқтарға алданған алматылықтарға 90 млн теңге қайтарылды
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда интернет-алаяқттарының қатары көбеймесе, азаймай тұр. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 3500-ден астам өтініш келіп түсіп, 120 әкімшілік хаттама жасалған, тұтынушыларға 90 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мегаполисте тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында Ашық есік күні өткізіледі. Білікті мамандар алаяқтықтың құрбаны болғандарға көмек көрсетіп жүр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимурзаев атап өтті.

Алаяқтар өз құрбандарын төмен бағадағы тауарлармен қызықтырады. Халықтың басым көпшілігі арзан бағаға алданып қалады. Бұдан бөлек, ұтыс ойындарын ойнатып, халықтың ақшасын пайдаланатындар да баршылық. Интернет желісінен зат сатып аларда дүкен туралы ақпаратты іздеңіз, оның нарықта қанша уақыт болғанын тексеріңіз. Егер сіз ірі дүкендер желісі не өзіңіз білетін компанияның сайты арқылы тапсырыс бермек болсаңыз, браузердің мекенжай жолағында ресурстың мекенжайын дұрыс жазғаныңызға көз жеткізіңіз, – дейді Нұрлыбек Бимурзаев.

Дегенмен электрондық сауда арқылы табысын іргерлеп, тұтынушылары көбейген ШОБ өкілдерінің қатары артып келе жатқаны жасырын емес.

Жас кәсіпкерлер үшін электрондық сауданың әлеуеті зор. Олардың шағын бизнесіне адам тартудың ең оңтайлы әдісі – онлайн сауда. Сол себептен электронды сауданы өз қажетіңізге жаратсаңыз, табысыңыз артады. Себебі соңғы уақытта тұтынушылардың басым көпшілігі үйде отырып тапсырыс беруді жөн санайды. Сол себептен қай бизнес болса да, онлайн сауда-саттықты жөн санайды. Осы ретте, электорнды сауданың арқасында көлеңкелі бизнес шет қалып, бизнесін заңдастырып, үкіметке салық төлейтіндердің қатары артқанын айта кету қажет, – дейді Нұрлыбек Бимурзаев.

Алматы қаласы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері «жедел желі» арқылы азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жолдары туралы кеңес береді.

Мемлекеттік органға өтінішті e-Otinish бірыңғай ақпараттық платформасы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жіберуге болады немесе 8 (727) 392-21-83 жедел желісі бойынша қоңырау шалуға, сондай-ақ тұтынушылар Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерден көмек пен кеңес алуға құқылы.

Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің тізімі:
– «Адал» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік, тел. 292 28 67, +7 708 682 73 05.
– «Жұмыс берушілердің құқықтарын қорғаудың ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі, тел. 239 34 76, +7 708 971 29 76.
– «Фемида» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық орталық» қоғамдық ұйымы, тел. 397 52 31, +7 702 958 49 96, +7 707 308 74 74.
– «Ұлттық тұтынушылар лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі, тел. 277 89 45.
– «Ата-баба дәстүрлерінің мұрасы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық қоры, +7 707 046 38 82.

Өзгелердің жаңалығы