Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
26 Қыркүйек 2025, 15:21
523
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Мәжілісте “Қазақстан Республикасында жасанды интеллектіні дамыту” тақырыбында парламенттік тыңдау басталды. Іс-шара аясында Мәжіліс ғимаратының холында отандық әзірлеушілердің және мемлекеттік органдардың қатысуымен жасанды интеллектті қолдануға бағытталған түрлі жобалардың көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеде ұсынылған жобалар жасанды интеллекттің мемлекеттік басқарудан бастап, құқық қорғау, білім, банк және цифрлық қызмет көрсету салаларына дейінгі кең ауқымды қамтитынын көрсетті. Әрбір жобаға жауапты сарапшылар мен мамандар өз өнімдерінің ерекшеліктерімен таныстырып, болашақтағы даму жоспарларын бөлісті.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Ұлттық жасанды интеллект платформасы: Мемлекеттік қызметкерлерге арналған интеллектуалды құрал

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ программисі Мырзахан Науханов көрмеде ұсынған жобаны таныстырды.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Біз қазір ұлттық жасанды интеллект платформасын әзірлеу үстіндеміз. Бұл платформада түрлі жасанды интеллект ассистенттерін программалау дағдыларынсыз-ақ құрастыруға болады. Мәселен, қолданушылар серверлік модельдерге немесе дерекқорларға сұраныс жіберіп, қажет мәліметтерді ала алады. Платформа сонымен қатар ресурстарға қосылу, API сұраныстары, және басқа техникалық операцияларды жеңілдетуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Ең бастысы – бұл жүйе мемлекеттік қызметкерлерді жасанды интеллектті тиімді пайдалану жолдарына үйретуді көздейді. Ол үшін мамандар арнайы курстар дайындаған. Курстарда ЖИ құралдарын қалай пайдалану керек, оның артықшылықтары мен шектеулері қандай – осының бәрі қамтылған. Курстар платформада орналастырылған, тіркелген қолданушылар оны өте алады.

Платформа қазіргі таңда ашық пайдалануға берілмеген, бірақ жыл соңына дейін өндірістік эксплуатацияға енгізіледі деп жоспарлап отыр.

Енді алаяқтық дер кезінде анықталып, тоқтатылады

Антифрод орталығының департамент директоры Айнұр Измаилова Антифрод орталығы 2023 жылдың шілде айында Ұлттық банкпен бірлесіп іске қосылғанын айтты. Бұл жүйе банктер мен құқық қорғау органдары арасында өзара жедел ақпарат алмасуға арналған.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Мәселен, егер азамат өзінің банкіне барып “мені алаяқтар алдап кетті” деп шағым түсірсе, банк бұл мәліметті бірден Антифрод жүйесіне енгізеді. Ақша аударылған екінші банк автоматты түрде бұл транзакция туралы хабар алып, қаражатты бұғаттайды. Одан әрі бұл іске құқық қорғау органдары араласып, тергеу жұмыстарын бастайды. Егер алаяқтық расталса, қаражат жәбірленушіге қайтарылады, - дейді ол.

Жасанды интеллект бұл жүйеде инциденттерді талдау, қаржы схемаларын анықтау және банктерге хабарлама жіберу функцияларын атқарады. Қазіргі уақытта барлық банктер осы жүйеге қосылған. ЖИ технологиясы Big Data арқылы алаяқтық белгілерін тез арада анықтап, дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Жобаның ресми іске қосылған уақыты – 2024 жылдың шілдесі. Қазіргі таңда жоба үздіксіз жұмыс істеп тұр және күн сайын ондаған оқиға өңделеді.

ЖИ көмегімен инновациялық қылмыстарға тосқауыл қойылады

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Мәди Түгебаев Kazakhstan Media Analytics жобасын таныстырды.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Біз әзірлеген жасанды интеллект жүйесі – әлемдік медиа кеңістікті үздіксіз бақылап, Қазақстанға келуі ықтимал қылмыс түрлерін болжауға арналған құрал. Бұл жүйе 130 мыңнан астам жарнамалық хабарламалар мен жарияланымдарды талдайды, - деп айтты прокурор.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Жүйе Telegram, Instagram сияқты платформаларда талдау жүргізіп, халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, Қазақстанға қандай жаңа қауіптер келуі мүмкін екенін болжайды. Мысалы, биыл Англияда “SMS- бластер” деп аталатын қылмыс түрі пайда болды. Бұл сим-бокс құрылғысына ұқсас, интернет және ұялы желілерді пайдаланып, фишинг шабуылдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мұндай шабуылдар Қазақстанда әлі тіркелмегенімен, келу ықтималдығы жоғары. Сол себепті біз шекара қызметіне, ЖИ министрлігіне және Қаржылық мониторинг агенттігіне тиісті ұсыныстар жолдадық. Қазір бұл құрылғыларды елге кіргізу кезінде тексеру жұмыстары басталды, - дейді Мәди Түгебаев.

Жүйе барлық анықталған қауіптерді санаттарға бөледі: терроризм, экстремизм, есірткі қылмыстары, адам саудасы, қару-жарақ трафигі және т.б. Бірақ соңғы шешімді қабылдайтын – адам, яғни прокурор.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Жоба 2025 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істеп келеді, ал толық аяқталу мерзімі – 2025 жылдың соңы немесе 2026 жылдың басы. Кейін бұл жүйе басқа мемлекеттік органдарға да қолжетімді етіледі.

EGov AI чатботы: Мемлекеттік қызметтерді жеңіл әрі жылдам алу құралы

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ Мобильді үкімет департаментінің директоры Бектембай Косунов енді азаматтарымыз өздеріне қажет қызметтерді eGov-тың мобильді қосымшасы арқылы AI көмегімен жылдам алуға болатынын айтты.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Бүгін көрмеде біз eGov AI чатботын ұсынып отырмыз. Бұл чатботтың негізгі мақсаты – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жеңіл әрі жылдам табуға көмек көрсету. Мысалы, қолданушы чатқа “форма 2” деп жазады делік, жүйе бұл сұранысты талдап, қызметтің толық атауын, оған сілтемені және қызмет көрсету мерзімін береді, - дейді маман.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Жүйе екі тілде — қазақша және орысша жұмыс істейді. Қазіргі уақытта пайдаланушылар мәтіндік сұраныстар арқылы қызметтерге қол жеткізе алады. Алдағы уақытта дауыс арқылы басқару мүмкіндігін қосу жоспарда бар. Бұл дегеніміз, қолданушы чатқа мәтін емес, дауыс арқылы сұраныс жібереді.

Алаяқтардан қорғаудан жылдам қызметке дейін: Қазақстанда қандай ЖИ құралдары бар

Келесі кезеңде чатботтың көмегімен қызметтерді тікелей чаттың ішінде алу функциясы енгізіледі. Яғни азаматтарға ХҚКО-ға немесе eGov порталына өтудің қажеті болмай қалады. Чатбот виртуалды ХҚКО қызметкері рөлін атқарады.

Қауіпсіздік мәселесіне келсек, жүйе үшінші тараптың сервистерін пайдаланбайды. Барлық тілдік модель және деректерді өңдеу компанияның ішкі суперкомпьютерінде жүргізіледі. Бұл деректер қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - деп түсіндірді Бектембай Косунов.

Өзгелердің жаңалығы