Алаяқтардан қалай сақтанамыз: полиция кеңесі

Бүгiн, 20:25
124
Бөлісу:
Алаяқтардан қалай сақтанамыз: полиция кеңесі
Фото: Polisia.kz

Алматылық «Киберпол» интернет алаяқтардың торына түсіп қалмау жөнінде маңызды ұсыныстарды айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сақтық шаралары:

- банктер мен ұялы байланыс операторларынан телефоныңызға келетін SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз;

- жеке деректеріңізді, банктік шотыңыз бен картаңыз туралы ақпаратты ешкімге жібермеңіз және жария етпеңіз;

- банк карталарыңызды үшінші адамдарға пайдалануға бермеңіз және белгісіз адамдардан сіздің атыңызға ақша аударымдарын қабылдамаңыз;

- өнімді сатып алмас бұрын немесе онлайн қызмет алу алдында интернет-дүкендердің рейтингтері мен пікірлерін тексеріңіз.

Есіңізде болсын! Құқық қорғау органдары мен банктер сізден телефон арқылы ешқашан транзакция жасауды немесе жеке ақпаратыңызды сұрамайды. Полицейлер Egov қосымшасында несие алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш беруге кеңес береді. Ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталында өтініш беру қажет, - делінген хабарламада.

Мобильді қосымшада бұл қызмет негізгі бетте «Танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді. Ұқсас қызметті eGov.kz порталының «Азаматтар» – «Кеден және салықтар» – «Экономика және қаржы» бөлімінде де алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы