Алаяқтар тағы бір министрдің атынан хабарлама таратып жатыр

WhatsApp және Telegram қосымшаларында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан хабарламалар таратылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  - архив 25 Сәуір 2024 2024, 10:53
25 Сәуір 2024 2024, 10:53
2489
Фото: - архив

WhatsApp және Telegram қосымшаларында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан хабарламалар таратылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Stopfake.kz сайты хабарлады.

Шын мәнінде, бұл жалған аккаунттар, олармен байланыс орнатып, ұсынылған сілтемелер бойынша өтпеңіздер.

Оқу-ағарту министрінің баспасөз қызметі бұл хабарламаларға қатысты түсініктеме берді.

Соңғы күндері WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде оқу-ағарту министрінің атынан түрлі хабарламалар таратылуда. Бұл жалған ақпарат! Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Өкінішке қарай, алаяқтық схемалар жетілдірілуде және онымен әр адам бетпе-бет келуі мүмкін. Сондықтан сақтық танытып, жеке хат жазысу мен телефон қоңырауларын қабылдауда қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз, – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Наверх