Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан алаяқтардан ақпарат таралып жатыр. Әкімдік азаматтарды қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Whats’App желісі арқылы хабарламалар таратылса, қазір интернет-алаяқтар Телеграм желісін пайдаланып жатыр.
Хабарламада ҰҚК-дан куратор тағайындалғаны, жоспардан тыс тексеріс болатыны жазылған. Байланыс нөмірі көрсетілмеген. Сосын ҰҚК қызметкерімін деп Нариман Сағымбаевтың атынан хабарлама да жолданған. Құрметті тұрғындар! Егер сұрақтар болса, қала әкімінің қабылдауына жазылып, жеке жолығуды сұраймыз! Асхат Бердіханов Телеграм желісін пайдаланбайды. Инстаграмдағы аккаунты – berdikhanov_askhat,- деді Қонаев қаласының баспасөз қызметі.