Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева алаяқтар оның атынан адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар, - делінген хабарламада.