Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарағанын хабарлайды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады, - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланады.
Оқи отырыңыз: