Алаяққа сенген ақтөбелік 900 мың теңгесінен айырылып қалды

13 Мамыр 2022, 02:22
1628
Бөлісу:
Алаяққа сенген ақтөбелік 900 мың теңгесінен айырылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алаяққа сенген ақтөбелік 900 мың теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтардың банк клиенттерінің шоттарына шабуылдары тағы да жиілеп кетті. Қаскүнемдер адамдарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, алдауға тырысады. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтардың әрекеттерінен аз адамдар зардап шеккен жоқ.

Мысалы, алаяқ 48 жастағы ақтөбелікке қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Жалған банк қызметкері белгісіз біреулер ақшалай несие рәсімдемекші деп сенімге кіріп, ақша қаражатын қосалқы шотқа аудару қажеттігін айтады, нәтижесінде 900 мың теңгеден астам ақшаны иемденген. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы