Алаяқ астаналықты 36 млн теңгеге алдап кетті

14 Қыркүйек 2022, 21:55
945
Бөлісу:
Алаяқ астаналықты 36 млн теңгеге алдап кетті

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті «Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ер адамды Алматы қаласынан ұстады. 

Күдіктінің екі ЖШС басшыларының арасында туындаған сот процесін шешуге уәде бергені анықталды. Заңды қызмет көрсету сылтауымен сенімге кіріп, ол процесті оның пайдасына шешуге уәде беріп, фирма директорының 36 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам қамауда. 

Өзгелердің жаңалығы