Алаяқтық үшін іздеуде жүрген Ақтөбе тұрғыны Ресейде ұсталды

9 Ақпан 2021, 11:57
2631
Бөлісу:
Алаяқтық үшін іздеуде жүрген Ақтөбе тұрғыны Ресейде ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.

2021 жылдың ақпан айында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 2018 жылдан бері алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Ақтөбе қаласының тұрғынын Ресей Федерациясы аумағында ұстады. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілуде, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Ақтөбе облысының полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген он қылмыскерді ұстады, олардың 4-іне өткен жылы іздеу жарияланған болатын. 

Криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және одан әрі жалғасатын болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы