Алаяқтық жасаған шымкенттік әйел ұсталды

26 Қыркүйек 2020, 23:33
1464
Бөлісу:
Алаяқтық жасаған шымкенттік әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері зейнетақы шығарып беремін деп алаяқтық жолмен ақша алған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 16 қыркүйегінде Әл-Фараби АПБ кезекші бөлімінің «102» сымтетігіне апалы-сіңлілер жергілікті тұрғындар хабарласып, таныс азаматша «мүгедектік бойынша зейнетақыға шығарып беремін» деген желеумен сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен шамамен бірінен 135 мың теңге, ал екіншісінен 270 мың теңге ақшасын алып, қайтармай жүргені туралы арызданған.

Аталған жайттар Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді. Ол 1986 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады. Қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған соң, заңды, әрі негізді процестік шешім қабылданады.


Өзгелердің жаңалығы