Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти

24 Маусым 2024, 18:13
514
Бөлісу:
Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қолжазба – ғасырлар мұрасы» атты көрме өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти

Көрмеге тарихи жазба деректер қойылды. 

Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти
Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти
Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти

Кездесу барысында көне жазба мұраларды анықтау, жинау және зерттеу бойынша жұмыстар, шетелде және еліміздің өңірлерінде жүргізілген археографиялық экспедициялар нәтижелері баяндалды.

Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти
Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти

Алғаш рет түркі тіліне аударылған Құранның көшірмесін Англиядағы Манчестер университетінің Джон Райландс кітапханасынан алып келдік. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің Х ғасырда жазылған “Мәкалат фи Усул әл Илм ат Табиах” еңбегінің көшірмесі әкелінді, - деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас сарапшысы Алмат Әбсалықов.

Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти
Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Кәмшат Нарынбекова еліміздің қандай өңірлеріне іссапарлар жасалғанын айтты.

Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти
Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти

Орталық ақпан-сәуір айларында шетелдік және Қазақстанның өңірлері бойынша бірнеше іссапарлар жасады. Осы іссапарларда 150-ге жуық түпнұсқа кітаптар мен қолжазбалар жинақталды. Қазақстанның Қызылорда, Түркістан өңірлеріне, Тараз, Семей қалаларына археографиялық іссапарлар жасалды, - деді ол.

Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти

Нарынбекова қолжазбалар және сирек кітаптар тарихты жазуда өте маңызды дереккөз екенін атады.

Бұл кітаптар қазір құрып кету алдында тұр. Сондықтан бұл кітаптарды сақтап қалуымыз керек, кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Сондықтан бұл кітаптарды жинап, осы орталыққа жеткізіп, реставрация жасап, дезинфекциядан өткізіп, ғылыми айналымға енгіземіз, - деді Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти
Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы археографиялық экспедициялар барысында әкелінген еңбектер халықтың рухани білімі мен зиялы болуына қосар үлесі бар екенін жеткізді.

Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти
Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти

 

Біздің қазіргі кездегі мақсатымыз - осы идеялардың арасында халқымыздың рухани жағынан білімін дамытуда өз үлесімізді қосу. Алаш қайраткерлері, ата-бабаларымыз біз қазір танысқан кітаптардың барлығын дерлік оқығанын білеміз. Олар алғаш сауатын молдалардан алғаны тарихтан белгілі. Абай атамыздың өзі медреседе тәлім алғанын жақсы білеміз. Яғни осы кітаптарды Абай сияқты қазақтың тұлғалары, Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды, - деді ол.

Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти
Алаш қайраткерлері оқып, молда болған жоқ, зиялы болды – Бас мүфти
Өзгелердің жаңалығы