Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алаш арысы Міржақып Дулатұлы неге кешірек ақталды?

1 Қазан 2025, 16:05
656
Бөлісу:
 "Әдебиет" порталы
VIDEO
Фото: "Әдебиет" порталы

Белгілі алаштанушы ғалым, «Әлихан Бөкейхан.Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Ұшқын Сәйдірахман Алаш арысы Міржақып Дулатұлы неге кешірек ақталғаны жайлы пікірімен бөлісті. Бұл жайында ғалым «Әдебиет порталының» YouTube арнасындағы «Әдеби дискурс» подкастында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен ғасырдың 50 жылдары соңына қарай Сталиннің өлімінен кейін одақтас республикалардың бәрі репрессияға ұшырған арыстарын ақтауға кіріскені тарихтан белгілі.

Ұшқын Сәйдірахманның пайымдауынша, сол кезде Қазақ үкіметі де бұл істі қолға алғанымен, өте сақ әрі нарау қимылдады. Дәл осы кезеңде Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бастаған топ ақталды да, олармен бірге ақтауға болатын және соған шартты жағдай жасалып тұрса да Ахмет Байтұрсынов, Әлейхан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы бастаған «Алаш» қайраткерлері ақталмай қалды.

Ахмет, Әлихан, Міржақып бастаған топты ақтауға қатысты жұмыс істеген комиссия оларға мүлде теріс баға берді. Соның салдары 1988 жылға дейін жалғасты. Мұның да бір қайыры болды ма деп ойлаймын. Неге? Егер сол уақытта ақталса кім біледі, Ахметті, Міржақыпты, Әлиханды қызыл империяның қайраткері етіп шығарар ма еді. Немесе мәтіндік тұрғыдан жұлмалап, өзгертіп олардың мұраларын текстологиялық тұрғыдан ақсатып қояр ма еді...? Сондықтан бәлкім 1988 жылы, ел Тәуелсіздігінің елең-алаңында ақталуы бір жақсылығын берген болар деп ойлаймын, - дейді Ұшқын Сәйдірахман.

Өзгелердің жаңалығы