«Алаш арыстары және ашаршылық» атты конференция өтіп жатыр

30 Мамыр 2019, 14:34
3063
Бөлісу:
«Алаш арыстары және ашаршылық» атты конференция өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы А.П.Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада «Алаш арыстары және ашаршылық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

«Алаш арыстары және ашаршылық» атты конференция өтіп жатыр

Конференция жұмысына белгілі тарихшы ғалымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысуда. Іс-шара барысында 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы баяндамалар жасалып, осы саланы зерттеуші тарихшы ғалымдардың пікірлері талқыланды.

«Алаш арыстары және ашаршылық» атты конференция өтіп жатыр

“20 ғасырда қазақ халқы екі қасіретті басыннан кешірді. Біріншісі үздіксіз болған ашаршылық. Ол соғыс кезіне дейін жалғасты. Екінші апат ол репрессия зиялы қауымды жалмады. Репрессияның соңғы құрбаны Қайрат Рысқұлбеков. 1837 жылы біз бодандықты қабылдадық, сол күннің ертеңінде-ақ басталып кеткен бұл репрессия. Кенесарының басын алды, тағы басқа азаматтарымызды да айналып өтпеді. Дегенмен Совет үкіметі тұсындағы саяси репрессия өте ауыр болды”, -дейді тарихшы Хангелді Әбжанов. 

«Алаш арыстары және ашаршылық» атты конференция өтіп жатыр

Аталған шараны «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырған.

Өзгелердің жаңалығы