Ливанның Джеззин қаласында үстел теннисінен WTT youth Contender Jezzine өкілдік турнирі аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев 19 жас санатында өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. 16 жасар алматылық Абдулла Мамай ширек финалға шықты.
Zakon.kz хабарлауынша, бұған дейін Алан 17 жастағы теннисшілер арасында чемпион атанған болатын. Аланның активінде екі медаль бар.