Қаламгерлерде жазудан басқа таңдау жоқ – моңғолиялық ақын

5 Қыркүйек 2019, 11:12
1980
Бөлісу:
Қаламгерлерде жазудан басқа таңдау жоқ – моңғолиялық ақын
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Елордада Азия елдері қаламгерлерінің І форумы аясында TED форматындағы «ASIAN LitTALKS» форсайт-сессиясы өтуде.

TED форматындағы «ASIAN LitTALKS» форсайт-сессия барысында Түркия, Ресей, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Ирдония, Кувейт, Әзірбайжан секілді бірнеше мемлекеттен келген әдебиетшілер өздерінің қаламгерлік шеберханасы туралы сөз қозғауда.

"Мен сіздермен өз тәжірибеммен бөліскім келеді. Себебі, біз бәріміз жалғызбыз. Сондықтан қаламгерде жазудан басқа таңдау жоқ. Әлемде күніне 2000-3000 сөз жазатын жазушылар бар. Мен де осыған өзімді дағдылап жүрмін. Жас кезімде көп жазатын жазушыны мойындағым келмейтін. Себебі, ол мықты жазушы емес, тек еңбекқор жазушы деп ойлайтынмын. Кейін бұл ойымның қате екенін түсіндім. Қазір мен өз елімде ақын, жазшы ретінде ғана емес көлемді роман жазушысына айналдым. Сондықтан, жазушыға тәртіп пен жұмыс жасау керек", - дейді моңғолиялық қаламгер Гун Ажавын Аюрзана.

Нұр-Сұлтанда Азия елдері қаламгерлерінің І форумы өтуде. Оның ашылуына кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы