Алакөлде төтенше жағдай жарияланды

Абай облысының Мақаншы ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 википедия 14 Қыркүйек 2025 2025, 07:15
14 Қыркүйек 2025 2025, 07:15
1736
Фото: википедия

Абай облысының Мақаншы ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай шешім қабылдауға ондаған туристік нысандар шоғырланған Қабанбай ауылдық округіндегі жағалауды жырту қаупі себеп болып отыр. Бұл туралы 24kz телеарнасы хабарлайды.

Аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева барлық төтенше жағдайлар қызметінің дайындық режиміне қойылғанын түсіндірді. Олардың басты міндеті – туристік аймақтың жойылуын болдырмау және сақтау. Билік төтенше жағдай эрозия қаупі толығымен жойылмайынша күшінде болатынын нақтылап отыр.

Наверх