Алакөлде екі бала адасып кетті

18 Шілде 2024, 23:48
603
Бөлісу:
Алакөлде екі бала адасып кетті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Жетісу облысында балаларға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Бүгін Алакөл көлі жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017,2018 жылы туған екі бала демалыс аймағының аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті. Іздестіру операциясы барысында балаларды демалыс орнынан 1,5 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында тапты, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы