Алакөлде демалыс аймағы өртке оранды

10 Тамыз 2024, 15:13
621
Бөлісу:
Алакөлде демалыс аймағы өртке оранды

Қызыл жалын 500 шаршы метрге жуық аумаққа тараған. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

​Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Дегенмен дамалыс аймағында демалушылар болған. Өрт тұтанған сәтте бәрі далаға қашып, бірден өрт сөндірушілерге хабар берген. Алайда демалыс орнын сақтап қалуға ешқандай мүмкіндік болмапты. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандарының айтуынша орт толығымен сөндірілген. Қазір орын алған төтенше жағдайдың нақты қайдан шыққаны зерттелуде.​

​Тұрғындар электр желілерінен көріп отыр. Алайда әлі факт нақты емес. Сол жақтағы әріптестеріміз дер кезінде барып, өртті ауыздықтады. Өкінішке қарай оттың аумағы өте үлкен болды. Біраз әуре-сарсаңға түсірді. Ең бастысы сырттан келіп демалушылар мен сол жақтағы тұрғындарға ешқандай зиян тиген жоқ. Қазір кеткен шығындар есептеліп жатыр. Жалпы Ақши ауылында жүрген барлық адамдарға сақ болуды ескертеміз. Себебі осындай төтенше жағдайдар орын алуы әбден мүмкін, - дейді ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының инспекторы азаматтық қорғау лейтенанты Назерке Смағұлова.

​Естеріңізге сала кетейік, шипалы көлдің жағасында орналасқан Ақши елді мекенінде электр жарығының нашар екенін бұған дейін де айтылған. Жаңа трансформаторлар әкелгенімен, мәселе толық шешілмеген.

​Тілсіз жау аяқ астынан келеді. Біз тіпті байқамай қалдық. Құдай сақтап, зиян шеккен ешкім жоқ. Мұнда халық көп. Бәрі көлдің жағасында демалып жатыр. Біздіңше, жаңадан қойылған трансформаторлардан ақау шыққандай. Мұны біз бұрында да айтқанбыз. Жергілікті билік өкілдері келесі жылы толық жасалатынын айтуды. Былтыр да осындай өрт шығып, демалыс аймағы жанып кеткен еді, - дейді Ақши ауылыны тұрңыны Салтанат Керімбекова.

Өзгелердің жаңалығы