Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алакөл маңында жер сілкінісі болды

24 Шілде 2025, 10:00
1401
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Алакөл көлінің маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жер сілкінісі Жетісу облысындағы Алакөл көлінің маңында тіркелді. 

24 шілде күні Астана уақытымен 08:47-де Сарқант қаласынан 124 шақырым солтүстік-шығыста жер сілкінісі болды. Магнитудасы – 3,8, - деп жазылған Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) хабарламасында.

Қазақстандық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпуінің магнитудасы – 3,7.

Еске салайық, 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Сондай-ақ, Өскемендегі жер сілкінісі кезінде сиреналар кеш қосылды

Төтенше жағдайдан кейін ШҚО-да жедел штаб құрылып, "жедел желі" жұмысын бастады.

Өзгелердің жаңалығы