Алакөл жағажайлары қайта ашылады

24 Шілде 2020, 21:39
1659
Бөлісу:
Алакөл жағажайлары қайта ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО бас санитарлық дәрігері Марат Исмаилов Үржар ауданында Алакөл көлінің жағажайын жабу туралы қаулысының күшін жойды.

Құжат Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Исмаилов Үржар ауданының бас санитарлық дәрігерінің 22 шілдедегі қаулысын қайта қарастырып, 24-інен бастап қаулыны өзгерту туралы шешім қабылдады.

2020 жылғы 24 шілдеден бастап "Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы" Үржар ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 шілдедегі №7 қаулысының қолданылуы тоқтатылсын, - деп көрсетілген құжатта.
Осыған сәйкес Үржар ауданы әкіміне, құқық қорғау органдарына, Үржар аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау басқармасына тиісті тапсырма берілді. 

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі облыс және Үржар ауданының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы