Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Алакөлге қалай пойызбен жетуге болатындығын жариялады. Компания мәліметіне қарағанда, белгіленген ережеге сәйкес, Қазақстанда жолаушылар пойыздарының жүрісі үш кезеңде басталады:
Бірінші кезең – 1 маусымнан;Екінші кезең – 10 маусымнан.
Алакөл көліне дейін келесідей бағыттарға теміржол билеттерінің сатылымы ашылды:
2 маусымнан бастап №6941/6942 "Ақтоғай-Достық" және №22/21 "Қызылорда - Семей" пойыздары құрамында "Алматы - Достық" вагондар жолға шығады. Пойыз күнара жиілікпен қатынайды және басқа вагонға ауысып міну қажеттілігі жоқ.
Сонымен қатар, дәл осы күннен бастап №121/122 "Нұр-Сұлтан - Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамында "Нұр-Сұлтан - Достық" вагондары тіркеледі.
Ал 12 маусымнан №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы аптасына екі рет қатынай бастайды. Мұнан бөлек, аталған бағытқа сұраныстың жоғары екендігін және эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, Қазақстанда қосымша келесідей пойыздар жолға шығуы мүмкін:
1) №13/14 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
2) №258/257 "Нұр-Сұлтан – Достық", аптасына 2 рет;
3) №453/454 "Алматы – Достық", аптасына 3 рет;
4) №457/6941//6942/458 "Семей - Шар – Достық", күнара;
5) №459/6941//6942/460 "Өскемен - Шар – Достық", күнара.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Алакөл көлі бағытында сұраныс артса қосымша вагондар ұсынуға дайын.