Алакөлде қырылған үйректерге қатысты тексеру жұмысы аяқталды

23 Шілде 2020, 20:19
1684
Бөлісу:
Алакөлде қырылған үйректерге қатысты тексеру жұмысы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Алакөлдегі жабайы құстардың қырылуына қатысты тексеріс қорытындысын жариялады.

"Қазгидромет" РМК Алакөл көлінде жабайы құстардың өлуіне байланысты 20 шілдеде көлден су сынамаларын алып, 41 ингредиент бойынша химиялық талдау жүргізді. Балық шаруашылығынан басқа, су пайдаланудың барлық санаттары үшін қолданылатын су сапасын талдаудың бірыңғай жүйесіне сәйкес, магний, хлоридтер, минералдану бойынша көрсеткіштен асып кетуі тіркелді. Атап айтқанда, магний концентрациясы – 316 мг/дм3, хлоридтер – 748 мг/дм3, минералдану – 4946 мг/дм3. Хлоридтер мен минералданудың нақты концентрациясы фондық кластан аспайды, ал магний фондық кластан асқан. Алакөл көлі бойынша су температурасы 27-28,6 ºC деңгейінде болды, сутегі көрсеткіші 8,29-8,97, суда ерітілген оттегінің концентрациясы 7,55-7,67 мг/дм3, түсі 9-17 градус, иісі болған жоқ, - делінген хабарламада. 
Сонымен қатар, 26 шілдеде 5 тәулік бойы жасалатын "оттегіні биохимиялық тұтыну 5" талдауының нәтижелері жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін Алакөл көлінің шығыс жағалауында құстардың өлгені туралы хабарланған болатын. Аралтөбе аралында 20-ға жуық құстың өлексесі табылған.
Өзгелердің жаңалығы