Алагөзов су тарифін негізсіз көтеріп, 126 млн теңге жымқырған

12 Шілде 2022, 19:32
4577
Бөлісу:
Алагөзов су тарифін негізсіз көтеріп, 126 млн теңге жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол мемлекеттік мекемелерде басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды

Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон кентінде сумен жабдықтау қызметінің бағасы 54,4%-ға төмендетілді, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры Алагөзов 2019 жылғы наурыздан 2021 жылғы наурызға дейін монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсарыда сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген.

Басшы қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып, 126 млн теңге залал келтірген. Тергеу кезінде аталған залал мөлшері толық мемлекетке қайтарылды, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ тергеуде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кентінде сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4%-ға төмендетілді.   

Сот үкімімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылды. Ол мемлекеттік мекемелерде басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды әрі 6 жылға бостандығы шектелді, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 63-бабының талабына сәйкес, жаза шартты болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы