Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Супер орта салмақта WBC және WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңетініне сенімді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Оқи отырыңыз:
Ешкімге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ. Оны екі мәрте жеңдім. Ешкімге ұсыныс жасамаймын. Мақсатым – 168 фунт салмақта барлық титулды жеңіп алу. Қазір нағыз бабымдамын. Егер үшінші мәрте қолғап түйістірсек, оны нокаутқа түсіре аламын, – деді Альварес.