Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әл-Каиданың» беделді басшысы Ауғанстанда өлтірілді, деп хабарлайды Reuters.
Ауғанстанның қауіпсіздік күштері Федералды тергеу бюросының ең іздестірілген террористерінің тізіміне енген «Әл-Каида» жетекшілерінің бірі Абу Мухсин Әл-Масридің көзін жойды.
АҚШ Ұлттық терроризмге қарсы орталығының басшысы Крис Миллер Газни провинциясындағы арнайы операция кезінде Аль-Масридің қайтыс болғанын растады.
Миллердің айтуынша, «Әл-Каида» негізгі көшбасшысының өлімі – террористік ұйымның тиімділігі төмендегенін көрсетеді.