Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 387 контейнерлік алаңға биылғы жылы тағы 120 орынға 166 контейнерлік алаң орнатылып, жалпы саны 553 алаңға көбейтілу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Қазіргі таңда жабық қоқыс алаңшаларын орнату жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Бұрынғы алаңшалардан ерекшелігі – мұндағы жабық алаңшалар тұрмыстық қатты қалдықтар ауа райының қолайсыздығынан, қатты желден қоқыстардың ұшып кетуіне жол бермейді. Сондай-ақ сыртқы көрінісі қала көркіне сай етіп жинақы дайындалған.
Алдағы уақытта қоқыс алаңшаларына арнайы қоқыс контейнерлері қойылатын болады.